ЖАҢАҚОРҒАНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қызылорда облысында 23,5 млрд. теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Соның 3 млрд. теңгеге жуық бөлігі – Жаңақорғанның үлесінде.
«Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде аудан әкімі Руслан Рүстемов жұмыс басқа аудандарға қарағанда кеш басталғанымен кентте жоспарлы 283,4 шақырым газ құбырының 280,4 шақырымы аяқталғанын мәлімдеді. Газ тарату құбырлары мен 27 дана ШГРП орнатылды. Бүгінде 8-і қосылып тұр, жыл соңына дейін тағы 3-уі қосылмақ.
- Осылайша облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында келесі жылға жоспарланған газдандыру жобасы мерзімінен бұрын басталды. Мұндай мүмкіндікті ел игілігіне пайдаланудың ықпалы орасан. Демеушілер есебінен мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен 15 отбасына тегін көгілдір отын кіргізіп беру бағытында жұмыстар жасалды, - деді Руслан Рүстемов.
Газдандыру жұмыстарының бас мердігері – «Астана Строй Концерн» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына 155 адам тартылса, соның басым бөлігі – жергілікті жерден.
Назерке САНИЯЗОВА