МҰРАТ ИМАНДОСОВ: «КЕЙБІР КЕН ОРЫНДАРЫНДА МҰНАЙ ТҮГЕСІЛДІ»
Биыл қаңтар-қараша айлары аралығында Қызылорда облысындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 553,2 млрд. теңгеге орындалып, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 90,5%-ды құрады.
- Өнеркәсіп саласында көрсеткіштің төмендеуіне мұнай кен орындарында қысым қабатының мөлшерден тыс сулануы, кейбір кен орындарында мұнайдың түгесілуіне орай шикі мұнай өндіру көлемінің азаюы себеп болды, - деді бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Имандосов.
Биыл 11 айда өндірілген қара алтын мөлшері өткен жылдың есепті кезеңіндегіден 90%-ға төмен болды. Ал өңдеу өнеркәсібінде сәл өсім байқалды. Оның ішінде тамақ өнімдерінің өндірісі – 9,8%-ға, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі – 1%, металлургия өнеркәсібінің негізгі бағалы және түсті металдар өндіру көлемі – 37,5%-ға артқан.
Назерке САНИЯЗОВА