БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДАДА 8 КЛУБ ПЕН 1 КІТАПХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Жыл өткен сайын Қызылорда облысында тарихи-мәдени нысандар, әртүрлі ескерткіштер қатары артып келеді. Биыл 8 клуб пен 1 кітапхана пайдалануға берілді. Бұл туралы «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов мәлімдеді.
- Облыстық, республикалық бюджеттердің қаржысы есебінен 12 мәдениет нысанына, аудандық бюджеттер есебінен 4 клуб жөнделді. Облыстық тарихи-өлкетану, Шиелідегі Нартай Бекежанов мемориалдық музейлері күрделі жөндеуден өткізілуде. Барлық залы өзгертіліп, реэкспозиция жүргізілуде, - деді басқарма басшысы.
Бүгінде Сығанақ, Жанкент қалалары мен Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешенін ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи және мәдени мұраларының тізіміне енгізу бағытында жұмыс атқарылуда. Сығанақ қалашығының қорғау аймағы белгіленді. Алдағы жылы Қызылорда қаласында бес қабатты Мұрағаттар үйінің құрылысы аяқталмақ.
Назерке САНИЯЗОВА