ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ
Кеше орталық алаңда жаңа жыл мерекесінің шырайын келтіріп, айшықтай түсетін шырша шамы жағылды. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, жиналғандарды табалдырығымыздан аттағалы тұрған жаңа жылмен құттықтады. 2015 жылы аймағымызда атқарылған айтулы істерді тілге тиек етіп, келер жылда да аймақ мерейінің арта түсуін тіледі.
– Мереке мен мейрам адам өмірінің сәні. Өткенге салауат айтып, ертеңге тілек айтатын ерекше уақыт. 2015 жыл тұтас ел үшін соның ішінде Сыр елі үшін сыны мен сәні қатар жүрген жалпы алғанда жетістігі мол жыл болды. Күріштен рекордтық өнім алдық. Өңдеу өнеркәсібі төрт есеге өсті. Құрылыс көлемі 3,5 есе артты. Қызылорда қаласында құрылыс көлемі 8 есе өсті. Елді мекендерге су мен газ тартылды. Осының бәрі Сыр халқының ақ ниетпен жасаған еңбегінің нәтижесі. Қадірлі жерлестер секемінен сенімі, күдігінен үміті көп тағы бір жаңа жыл жақындап қалды. Шырша шамы әр үйдегі жақсылық пен жеңістің отын лаулатып, табыс пен молшылықты маздатсын. Сіздерге ізгілік пен игілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт пен береке тілеймін, – деді Қырымбек Елеуұлы.
Одан әрі Хьюстонда өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан ауыр атлет Александр Зайчиков шырша шамын жақты. Осылайша ертегідегі қалашықтай безендірілген орталық алаңның сәні мен салтанаты арта түсті. Көпшілік назарына театрландырылған көрініс ұсынылып, балақайлар ерекше шаттанды. Аяз ата мен ақшақарды ортаға алып, ән шырқап, би билеген ертегі кейіпкерлері жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Айта кетейік, Сыр елінде шырша шамы тәуелсіздік күнінен кейін жағылып отыр. Бұл үрдіс бірнеше жылдан бері сақталып келеді.
М.ҚОЖАХМЕТОВА