БУФЕРЛІК АЙМАҚТАН ШЫҚСА, ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕТ ЭКСПОРТЫ АРТАДЫ
Қызылорда облысы буферлік аймақтан шығуға дайын. Келер жылы мамырда Парижде өтетін Халықаралық эпизоотиялық бюроның 84-ассамблеясы делегаттарының қарауына осындай шешім ұсынылмақ.
Облыстық ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетовтың айтуынша, көктем-күз мезгілдерінде 566,3 мың бас ірі қара мен 1438 мың бас уақ малға екі реттен Ресейден шыққан вакциналар егілді. Сырттан келетін және өңірде шығарылатын жануарлардың қозғалысы тұрақты бақылауда.
- ХЭБ сарапшылары аусыл індетінен буферлік аймаққа шығу бағытындағы жұмыстарға қанағаттанды, - деді Ерсұлтан Әпетов.
Парижде өтетін жиында ұсыныс мақұлданған жағдайда эт экспортының әлеуетін арттыруға мүмкіндік тумақ.
Назерке САНИЯЗОВА