ҚАЛАМГЕРДІҢ ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫ
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Әскербек Рахымбекұлы «Сырдария ауданының құрметті азаматы» атағын иеленді, деп хабарлады «Сыр бойы» газеті.
Сыр өңіріндегі әдеби ортаның ақсақалы, «Екі перзент бар менде, бірі – балам, екіншісі – өлеңім әлдилеген» деп жырлаған ақын ұзақ жылдар бойы баспасөз саласында еңбек етті. Облыс баспасөзінің қарашаңырағы «Сыр бойы» газетінде басшылық жасады. Ақынның «Тағдыр дастаны», «Ғұмырдария», «Ақ махаббат», «Жүрек жылуы» деп аталатын кітаптары оқырман көзайымына айналды.
«Сыр медиа» ЖШС ұжымы Әскербек Рахымбекұлын құрметті атаққа ие болуымен құттықтап, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілейді.