ЖАҢА СЕРИЯЛЫ АЛҒАШҚЫ «ПРОГРЕСС МС» ЖҮК КЕМЕСІ ХҒС-ҚА ҰШАДЫ
Жаңа сериялы алғашқы «Прогресс МС» жүк кемесі дүйсенбіде Байқоңыр ғарыш айлағынан ХҒС-қа ұшырылады. Бұл "Прогресс М-27М" жүк тасығыш жоғалып кеткен сәуірдегі апаттан кейінгі "Союз-2.1а" зымыран тасығышының алғашқы ұшырылымы болмақ, деп хабарлады ТАСС.
«Ұшырылым 21 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:44-ке жоспарланды», - деп хабарлады Роскосмостан.
Ұшырылғаннан кейін тоғыз жарым минуттан кейін жер төңірегіндегі орбитаға шығарылып, ХҒС-қа бет алады. «Прогресс» автономиялық ұшырылымда екі күн болады. Ол стансамен 23 желтоқсанда мәскеу уақыты бойынша сағат 13:31-де түйіседі деп жоспарлануда.
Жаңғыртылған жүк тасығыш ХҒС-қа 2,5 тоннадан астам жүк, оның ішінде «құрғақ» жүк, отын, су, сұйытылған оттегін жеткізеді.