ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТҮСІМ 3,8 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ АРТАДЫ ДЕП КҮТІЛУДЕ
2015 жылдың 15 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік бюджетке жыл басынан бері 70,6 млрд. теңге түсіріліп, болжам 1,4 млрд. теңге боп артығымен орындалды. Жыл соңына дейін жоспар 3,8 млрд. теңгеге артады деп күтілуде.
«Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев мәлімдегендей, есепті кезең аралығында бюджетке 198 756,7 млн. теңге кірістелген. Оның ішінде Ұлттық қорға біздің өңірдің шикізат өндірісінен түсімі – 128,7 млрд. теңге. 17 маусымнан бастап 82 объектіге жүргізілген хронометраждық тексеруге сәйкес салық төлеушілердің бір күндік табысы 9 315,6 мың теңгеге немесе 9,2 есеге өскен.
- Жекелеген салық төлеушілер есебінен алым сомасы 3 еседен 30 есеге дейін өскені анықталды. 33 салық төлеуші қосымша салық есептіліктерін тапсырып, 2015 жылға 4 млн. 674,8 мың теңгеге қосымша салық есептелінді. Жұмысшылар саны 54-ке көбейді. Алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатумен айналысудың 1 фактісі анықталып, 2 млн. 400 мың теңгенің 512 шөлмек ішімдігі саудадан алынды, - деді Серік Мұстафаев.
Жалпы, экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде биыл осындай 8 іс қаралған. Олардың 2-уі сотқа жолданып, 402 090 дана өнім айналымнан алынып, 4 млн. теңге мемлекет пайдасына тәркіленді.
Назерке САНИЯЗОВА