БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БЕЛЕСІ
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кезекті жылдың аяқталу қарсаңында қорытынды жүргізу және алдағы кезеңге жаңа жоспарлар мен стратегиялар әзірлеу үшін бизнес қауымдастығымен дәстүрлі кездесуін өткізді. Іс-шараға мемлекеттік мекемелер басшылары, банк, қаржы ұйымдары, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.
Кездесуді ашқан облыс басшысы Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауында айтқан қазіргі жаһандық дағдарысқа тек әртараптандырылған бизнес қана төтеп бере алады деген сөзінің ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Осы орайда, елімізде индустрияландыру бағдарламасы кеңінен іске асырылуда, оған біздің аймақ та белсене қатысуда. Аймақ басшысы Үкімет бекіткен бағдарламаларды жүзеге асыру және мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде облыстың орта және шағын бизнес қауымдастығы белгілі белестерді бағындырып отырғанына тоқталды. Атап айтқанда, шыны зауытының құрылысы басталып, респбликалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы бөлініп, зауытқа қажетті инфрақұрылымдар салынды. Облыс орталығында үй құрылысы комбинаты іске қосылды. Аралда салынатын кальцилендірілген сода өндірісін жобалау басталды. Шалқия қорғасын-мырыш кен орындарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Осы өңірден гидрометаллургиялық зауыт салынуы керек, оның экономикалық негіздемесесін жасауға қаржы бөлінді. Сонымен қатар, ферроқорытпа зауытының техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары толық аяқталып, мемлекеттік сараптамаға берілді. Баласауысқандық ванади кен орын игеру, машина жасау жобалары толықанды жалғастырылуда. Келесі жылы цемент, силикат кірпіш, асфальт-бетон, су шығаратын және басқа да зауыттар құрылысын бастау жоспарланып отыр. Қызылорда қаласы мен облыстың бес ауданында индустриялық аймақтар құрылып, тиісті инвестициялық жобалар орналастырылуда. Қалған аудандардағы индустриялық аймақтар келесі жылы іске қосылады.
Облыс әкімі «БЖК-2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 4 млрд теңгеден астам қаржыға 75 жоба жүзеге асырылғанын жеткізді. 279 жұмыс орны құрылып, 600-ден аса адам тұрақты жұмысын сақтап қалды. Егер бұған дейінгі төрт жылда бағдарлама шеңберінде 52 жобаға кепілдік берілсе, биылдың өзінде 41 жоба қолдау тапты. Сонымен қатар, бағдарламаға республикалық бюджеттен бөлінген қаржы мерзімінен бұрын игерілгендіктен, қосымша 268 млн теңге қаржы берілді. Қырымбек Елуұлы «Бизнестің жол картасын» жүзеге асырумен қатар, аймақтағы микробизнесті дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде деді. «Қызылорда» ӨИО МҚҰ арқылы ауылдық аймақтардағы микро және шағын бизнесті қаржыландыру үшін 300 млн теңге бөлініп, нәтижесінде 217 адам жұмыспен қамтылды. Келесі жылға 360 млн теңге қаржы қаралып отыр. Мұнан бөлек, қайтарымсыз гранттар бөлінуде. Жалпы айтқанда «БЖК-2020» бағдарламасынан бөлек аймақта бизнесті дамытуға 2,2 млрд теңге қаржы тартылып отыр. Облыста инвестициялық ахуалды жақсарту үшін арнайы кеңес құрылады. Ауыл шаруашылық кооперативтері мен сервистік дайындық орталықтарын құруға алғы шарттар жасалады.
Қ.Көшербаев мұнай сервисі бизнесінде жүрген кәсіпкерлерді ауыл шаруашылығына, оның ішінде, өңдеу саласына бет бұруға шақырды. Соңғы жылдары облыстағы өңдеу саласының үлесі 4 пайыздан 13,5 пайызға өсіп отырған жайы бар. Бұл өңірде экономиканы әртараптандыруға бағытталған жұмыстардың нақты нәтижесі. Бұның қатарында ауыл шаруашылығы саласында да ірі жобалар қолға алынып жатқанын атап өтті. Аймақ басшысы Қызылорда облысы 2016 жылдың мамыр айынан бастап буферлік зонадан шығатынын, етті экспорттауға жол ашылатынын еске салды. Құрылыс көлемінің бірнеше есе өсіп отырғанын алға тартқан облыс әкімі Сырдарияның сол жағалауынның инфрақұрылымын жүргізуге 176 млрд теңге қаржы тарту бағытында нақты жұмыстар қолға алынып жатқанын мәлім етті. Бұл дағдарыс кезеңінде жергілікті мердігерлер үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Даму қорытындысы бойынша қазір біздің облыс алғашқы үштікке ілініп отыр.
– Бұл билік пен бизнестің бірлесе атқарған жұмыстарының жемісі. Елбасы әрқашанда Сыр еліне ерекше көңіл бөліп келеді. Енді дағдарыс кезеңінде Сыр елі сыр бермей өтуі керек. Сіздер елдің тірегісіздер! Елдің тұрақтылығы сіздерге де байланысты. Істеріңізге сәттілік тілеймін! – деді Қырымбек Елеұлы сөз соңында.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, Асқар Махамбетов өз кезегінде Сыр елі кәсіпкерлері Елбасының үлкен қолдауын сезініп отырғанын атап өтті. Сонымен бірге, аймақ басшысының өңірді дамытуға сіңіріп отырған орасан еңбегі үшін әріптестерінің ризашылығын жеткізді.
Мұнан соң облыс басшысы аймақ бизнесінің дамуына өзіндік үлес қосып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтап, жаңа жұмыс орындарын құрып, аймақтың қоғамдық өмірінен белсенді қатысып жүрген кәсіпкерлерді, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен даму институттары өкілдерін марапаттады. Кездесу соңы көркемөнерпаздар концертіне ұласты.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ