НАТАЛЬЯ ГОДУНОВА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
2013 жылдың наурыз айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Наталья Николаевна Годунова «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлады «ҚазАқпарат».
Ол Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын, Ресей үкіметі жанындағы Қаржы академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1993 жылы Орал қаласындағы «Орал» «Агропромбанкінің» экономисі қызметінен бастап, 1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жетекші маманы, басшының орынбасары, басшы қызметтерін атқарған.
1998-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында бас маман, бөлім меңгерушісі; 2004-2005 жылдары Батыс Қазақстан облыстық экономика және бюджетттік жоспарлау департаментінің директоры; 2005-2006 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігінің кеңесшісі; 2006-2009 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі; 2009-2012 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілінің міндетін атқарушы; 2012-2013 жылдары Қазақстан премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарған.