БАЙҚОҢЫР АЙНАЛАСЫНДАҒЫ 11 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕР ТЕЛІМІ ЕЛІМІЗГЕ ҚАЙТАРЫЛМАҚ
Ресей жалдап отырған Байқоңыр айналасындағы бірнеше ірі жер телімдерін елімізге қайтару жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
«Байқоңырдың айналасындағы бірқатар жер телімдерін Қызылорда облысына қайтару туралы келісім Ресей тарапынан мақұлданды. Жалпы көлемі 11,6 мың га жер Қызылорда облысы құрамына кіретін болады. Аталмыш жерлерде бірнеше өндіріс орындары ашылады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде жергілікті халық, оның ішінде Байқоңыр және оның жанындағы Ақай, Төретам ауылдарының тұрғындары жұмыспен қамтылады»,- деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының хабарлауынша, аталмыш жер телімдерінде ЭКСПО-2017 көрмесіне байланысты туризм нысандары бой көтереді.
«Этноқалашық ұйымдастыратын ойымыз бар. ЕХРО-2017 көрмесінің қонақтары облысымызға келіп нағыз қазақ шеберлерінің өнерімен таныса алатын болады»,- деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Мирас Түлебаев.