«ХАЛЫҚ МАРКАСЫ - 2016» ЖОБАСЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ТАНЫМАЛДЫҒЫН АРТТЫРАДЫ
«Халық маркасы - 2016» байқауын «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясы аясында Бразилияда болатын жазғы Олимпиада ойындарымен ұштастырып өткізу жоспарланып отыр.
«Негізгі мақсат – баға беру арқылы өнім маркаларының танымалдығын, оларға деген сұранысты арттыру, жыл жеңімпазын анықтау. Байқауға қатысу арқылы өңірлік компаниялар өз өнімдерінің сапалығын дәлелдесе, тұтынушы өз таңдауында сенімділікке жетеді», - дейді жоба жетекшісі Римма Тәжібаева.
Жыл соңына дейін 27 жеңімпаз кәсіпорын «Халық маркасы» таңбасымен өз өнімдерін таңбалап шығарады. «Бұл таңба Қазақстан ДСҰ-ға енгенде отандық өнімімізді айқындап тұрады. Осыған халықты жобаны қолдап, насихаттау шарасына белсенді араласып, серіктес болуға шақырамыз», - дейді Римма Тәжібаева.