ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАППАЙ ҚЫРЫЛЫП ҚАЛҒАН МАЛ ИЕЛЕРІНЕ ӨТЕМАҚЫ БЕРІЛДІ
Жаңақорған ауданында жазда жаппай қырылып қалған мал иелеріне 22874,2 мың теңге өтемақы төленді. Бұл туралы «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде Қызылорда облысының ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов мәлімдеді.
Еске салсақ, маусым айында ауданда уақ мал арасында мал шығыны болған еді. Соған байланысты құрылған жұмысшы тобы жұмыс атқарды. Республикалық ветеринариялық зертханасының филиалы сараптама қорытындысымен анаэробты энтеротоксемия және пастереллез деген диагноздар қойылды.
- Осыған байланысты Жаңақорған кенті мен Бесарық ауылында 102044 бас алдын ала егілді. 1003 бас сауықтырылып, отарға қайта қосылды. Өлген 1718 малдың иелеріне өтемақы төленді, - деді Ерсұлтан Әпетов.
Назерке САНИЯЗОВА