ЖАҢАДАН ЖӨНДЕЛГЕН ҮЛКЕН КӨШЕ БОЙЫНАН 25 ТОННАДАН АСТАМ ЖҮК АЛЫП ЖҮРУГЕ БОЛМАЙДЫ
Жыл басынан бері Қызылордада көлік заңнамасының талаптарын сақтамаған 700-ден астам отандық және шетелдік автокөлік иесін облыстық көліктік бақылау инспекциясы әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
«Қоғам» телеарнасы хабарлағандай, әкімшілік айыппұлдар мен алым-салық соммасы 220 млн. теңгені құрады. Автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтық және габариттік параметрлері Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген.
Бүгінде жергілікті әкімдік пен қалалық жол-патрульдік полициясының өкілдері Бейбарыс Сұлтан көшесіндегі Тұңғыш Президент саябағынан бастап бірлескен рейд жүргізуде. Олар ауыр салмақты жүк тасымалдаушы темір тұлпарларды тоқтатып, салмағын тексереді. Заңға сәйкес алдағы уақытта үлкен және жаңадан жөнделген көше бойынан салмағы 25 тоннадан асатын жүк алып жүруге тыйым салынады. Әр он күн сайын өткізілетін рейд – қала әкімінің қадағалауында.