ҰКП ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 18 МЛРД. АСТАМ ТЕҢГЕНІ ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі жылдық жұмысы ішінде отандық кәсіпкерлерге 18 млрд. астам теңгені қайтарып берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Рустам Жүрсінов хабарлады.
«2015 жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге 9 млрд. 732 млн. теңгені қайтара алды. Екі жыл ішінде бұл сома 18 млрд. астам теңгені құрады. Бұл тек тікелей зиян. Біз жұмсаған уақыт, қолға түспеген пайданы ескеріп отырған жоқпыз, бұл нақты цифрлар», - деді спикер.
ҰКП кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің директоры Олег Савеленконың айтуынша, Палата өкілдері ШОБ субъектілерін үнемі құқықтық қорғаумен қамсыздандырады.
«ҰКП кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен процестері жүріп жатқан кезде сотта олардың мүдделерін қорғайды. Біз қолда бар құқықтық құралдарды пайдаланамыз. Кәсіпкерлердің бізге жүгініп келгендегі мәселелеріне талдау жүргізіп, бұзушылықтар болған жағдайда оларды прокуратура органдары немесе сот органдары арқылы шешуге тырысамыз», - деді ҰКП өкілі.