ӨҢІРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ
Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, саяси жағдайдың тұрақсыздану белгілері байқалмады. Мемлекеттік тұрақтылықты бірқалыпты ұстау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық-саяси ахуалға үнемі мониторинг жүргізілуде. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева хабарлады.
- Ай сайын облыс әкімі мен облыс прокурорының бірлескен Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасы бекітіліп, өзектендіріліп отырады. Картаға 88 өзекті мәселе енгізілген. Қазіргі уақытта 40 мәселе өз шешімін тапты, ал қалғандарына үнемі мониторинг жүргізілуде және оларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдануда, - деді Жазира Жылқышиева. – Жұмысшыларды қысқарту қаупі бар және жалақылары кешіктіріліп жатқан мекемелердің жұмысшыларына деструктивті топтардың теріс ықпал немесе арандатушылық жасау мүмкіндіктерін болдырмау мақсатында ұжымның көңіл-күйіне мониторинг те жүргізілуде.
Айта кету керек, 2016 жылы атқарылатын жұмыстар бойынша идеологиялық күнтізбе жасалып, бекітіліп қойды. Жоспар бойынша келер жылы Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аталып өтілмек. Тағы айта кететін жәйт, келер жылдан бастап, әлеуметтік мәселелерге байланысты кездесулерді дайын аудиторияларда емес, тиісінше халық көп шоғырланатын базарларда такси тұрақтарында, саяжайларда өткізуді қолға алмақ.
Шынар БЕКБАН