ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ҚАЗАҚ ЕЛІ» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
Тәуелсіздік күнінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының орталығынан Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елі» аллеясы ашылды.
Жалпы, аллеядағы ескерткіштер қазақ тарихынан сыр шертеді. Парасатты хандар, ақылгөй абыздар, әді¬летті дана билер, айбатынан ай бұққан қайрат¬ты баһадүрлердің келбеті керемет бейнеленген. Тағдырдың жазуымен, тарихтың талқысымен қазақ жерін паналаған түрлі ұлт өкілдері ортақ Отанымызды көркейту жолында аянбай тер төгіп жатқаны анық. Өзге ұлт өкілдерінің шығармаларына арнайы тақта қойылды.
- «Біз – Ұлы Даланың мұрагерлеріміз», - деп Ұлт көшбасшысы атап көрсеткендей, Ұлы Даланы дүбірлеткен бабаларымыздың ерлігі үшін бәрімізді сөзссіз мақтаныш сезімі билейді. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуіміз ең әуелі батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету және тағдырдың сан алуан қиындықтарынан сүрінбей өткен ата тарихынан тағылым алу үшін маңызды, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев салтанатты шарада.
Мұнан соң жарты мыңжылдықтан астам тарихымыз театрландырылған қойылым арқылы көрсетілді. Негізгі мақсат өскелең ұрпақтың жадында өткенімізді жаңғырту.
Бұл қармақшылықтар үшін жақсы демалыс аймағы ғана емес, кенттің архитектуралық келбетіне сән қосатын айшықты нысанға айналары сөзссіз.