«АТАЛАР» АНСАМБЛІ ӘН ШЫРҚАП, КӨРЕРМЕН ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНДІ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті кадр жұмысы тобының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік» мерекесіне орай С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде мерекелік шара кең көлемінде аталып өтілді.
Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін жариялауда. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.
Ішкі істер қызметкерлері арасында өткізілген мереке аясында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысы Отарбаев Ғанибек жылы лебіз білдірді: «Кішкене отбасымыздан басталатын кең байтақ ұлы отанымыздың тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!».
Одан әрі, сала қызметкерлерін арнайы бұйрықпен марапаттап, алғыс жариялады.
Мерекелік шарада арнайы мемлекетіміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып өнегелі істі жалғастырар, жастарға кәсіби және өмірлік тәжірибесін үйретуден жалықпаған Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері қонақта болды. «Аталар» ансамблі ән шырқап, көрермен ықыласына бөленді. Департамент басшылығы ардагерлерге арнап сый-сияпат көрсетіп, шапан жауып, алғыстарын жеткізді.