ШИЕЛІДЕ «А» САНАТЫНДАҒЫ СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ КЕШЕНІ САЛЫНУДА
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойында Шиелі кентінің аумағында «А» санатындағы сервистік қызмет көрсету кешені салынуда. Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев осылай мәлімдеді.
«Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстарына 25 адам тартылып, кешеннің 2-қабаты тұрғызылуда. Кешен толық пайдалануға берілген кезде 32 адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі», - деді ол. Бұл жұмыстар туризмді дамыту мақсатында атқарылуда.
Ал биыл өткен «Шиелі» І инвестфорумы барысында аудан әкімдігі 3 млрд. 159 млн. теңгенің 20 жобасы ұсынған. Соның 8-і кәсіпкерлер тарапынан қолдау тауып, шаралар жүргізілуде.
Назерке САНИЯЗОВА