ЕЛІМІЗДЕ ЗАМАНАУИ КОЛЛЕДЖ БЕН ӨҢІРАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛМАҚ
2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда халықаралық деңгейдегі екі колледж, төрт өңіраралық орталық ашылады,-деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Кәсіпқор» Холдингі» ҰАҰ басқарма төрайымы Эльдана Садуақасова.
«Қазақстанда дуалдық оқыту жүйесін дамыту жолындағы біздің Холдинг атқаратын қызметті үш стратегиялық бағытқа бөлуге болады. Біз дуалдық оқыту жүйесінің алаңын құрамыз десек те болады. Жаңа алаңдар мен колледжде, яғни халықаралық деңгейдегі 2 колледж ашылатын болады. Олар Алматы мен Астана қалаларында салынады», - дейді Э.Садуақасова. «Бұдан басқа 4 өңіраралық орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Оның бірі қазіргі таңда Атырауда ашылды. Қалған үшеуі Өскемен, Екібастұз бен Шымкентте салынбақшы. Біз шет елдік әріптестермен білім беру жүйесіне жаңаша қырынан зерттеулер жасап көрмекпіз», - дейді ол. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасар кезіндегі қиындықтарға тап болуы елімізде ғана емес, шет мемлекеттердегі негізгі мәселе екенін атап өтті.