ЖАҢАҚОРҒАНДА ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік - тарих тартуы» атты Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мерекелік шараны аудан әкімі Руслан Рүстемов ашып, жиналған көпшілікті Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
Мұнан кейін Тәуелсіздік күні құрметіне Отан алдындағы адал еңбегі үшін бір топ жаңақорғандық жерлестеріміз облыс әкімінің, аудан әкімінің «Құрмет» грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінің өнер шеберлері және талантты жастарының үлкен концертімен аяқталды.