ТЖД-НІҢ БІРҚАТАР ҚЫЗМЕТКЕРІ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысы ТЖД-де Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған облыстық ТЖД ардагерлері, құрылымдық бөлімшелер басшылары, ТЖД қызметкерлері қатысты.
«Қазақстан халқы өзінің Тәуелсіздік күнін беделі асқақ, туы биік, мерейі үстем, шаңырағы берік мемлекет ретінде қарсы алып жатыр. Бабаларымыз аңсаған тәуелсіз елдің бүгінгідей кемел дәрежеге жетуі - Елбасының кемеңгер саясатының арқасында болды. Жиырма төрт жылдың ішінде біз ата-бабаларымыздың аманатына сай дәстүрімізді жаңғыртып, мемлекет экономикасын нығайтып, халқымыздың әлеуметтік ахуалын түзедік. Өйткені Тәуелсіздіктің қадірі әр қазақстандық үшін ерекше. Бірлігі бекем елдің тәуелсіздігі баянды болмақ. Ендеше, басты міндет - асыл құндылығымыз Тәуелсіздігіміздің шоқтығын биік ұстап, елдің жарқын болашағы үшін еңбек ету» - деді өз баяндамасында ТЖД бастығы Омар Құмарұлы.
ТЖД ұжымы бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы Р.Қосназаровты, бөлім бастығы А.Цойды, БКДҚБ қызметкерлері Ғ.Күзековті, Ә.Әбілқасымовты, А.Әлиеваны, Р.Батырхановты құрметті зейнет демалысына шығарып салды. Олар ұзақ уақыт абыроймен қызмет етті.
Бірқатар департамент қызметкеріне мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табысталды. Салтанатты жиын соңында департаменттің шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасы тамашаланды.
Қызылорда облысы ТЖД-нің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы