ҚҰРМЕТТІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!
Ел өміріндегі ең басты ұлттық мейрам – Қазақстанның Тәуелсіздік Күніне арналған ыстық ықыласқа толы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Осыдан жиырма төрт жыл бұрын әлем картасында жаңа тұрпаттағы егемен мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болған еді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп келе жатқан дана да дара көрегендік саясатының арқасында төрткүл дүние қазақстандық қоғамның сенімді әрі қарқынды қадаммен алға ілгерілеуінің және табысты өткізілген кең ауқымды реформалар мен жаңаша түлеп-жаңарулардың куәсі болды.
Қазақстан мен Қытай қазіргі кезде индустрияландыру, инвестициялар тарту саласында және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» Қытай бастамасының аясында көлемді бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруда.
Ойдағыдай дамып-өркендеп келе жатқан тығыз ынтымақтастықтың жарқын үлгісі ретінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясын айтуға болар еді, компания өңірдің және республиканың экономикалық тұрғыдан өсіп-өрлеуін қолдап отыруға өз үлесін қосты және бұл үрдісті одан әрі де сабақтастылықпен жалғастыра бермек.
Құрметті қызылордалықтар! Осы айтулы күнде баршаларыңызға мықты денсаулық пен молшылық, жақсылық пен бақыт, татулық пен береке, күн сайынғы міндеттерді шешуде қажырлылық танытып, жеңістерге жете берулеріңізге, тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі жолында атқарып келе жатқан барлық істеріңіз бен қолға алған бастамаларыңызға толағай табыстар тілеймін.
Ең ізгі тілектермен,
Цинь ХУНВЭЙ,
«ПҚҚР» АҚ Басқарма төрағасы