ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИЦИЯСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН АТАП ӨТТІ
Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің мәжіліс залында Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шара өтті. Оған ішкі істер саласының ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам қатысты.
Шара барысында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау хаты ресми түрде оқылып, министр бұйрығымен құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің бірнеше қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен департаменттің қызметкерлері марапатталды.
«Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті». Осы барлығы үшін орны бөлек мерекемен барлықтарыңызды құттықтаймын. Халықтың қауіпсіздігін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету жолында сәттілік тілеп, азаматтық борышын өтеу жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектестік білдіремін», - деді Ардагерлер Кеңесінің төрағасы, департамент бастығының кеңесшісі М.Пейсов.
Мерекелік іс-шара департамент қызметкерлерінің Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі