ХҒС-ҒА ҰШАТЫН КЕЗЕКТІ ЭКИПАЖДЫҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ
Байқоңыр ғарыш айлағындағы мемлекеттік комиссия халықаралық ғарыш стансасына аттанатын кезекті экспедицияның экипажын бекітті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС Роскосмос баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Негізгі экипаж құрамына ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко, NASA астронавты Тимоти Копра мен Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Тимоти Пик бекітілді», - дейді агенттік әңгімелесушісі.
Қосалқа экипажға ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин, жапон астронавты Такуя Ониси мен америкалық Кэтлин Рубенс енді.
«Союз ТМА-19М» басқарылатын кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы 15 желтоқсанда Мәскеу уақытымен сағат 14:03-те ұшады деп жоспарланған.
Маленченко ғарышқа осымен алтыншы рет ұшқалы отыр. Копра бұған дейін орбитада бір рет болған, ал Пик ғарышқа алғаш рет аттанады.