ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ 2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
Қызылорда облысы әкімінің 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы Іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) мақсаты, басымдықтары мен міндеттері «5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауына, инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына, облыстың 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясына сәйкес, сондай-ақ, қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып айқындалды.
Іс-қимыл жоспарының мақсаты – облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайына ғаламдық экономикалық дағдарыстың кері әсерін төмендету.
Іс-қимыл жоспарының негізгі басымдықтары болып:
қызметкерлердің жаппай жұмыстан босауына жол бермеу және жаңа жұмыс орындарын құру;
бірінші кезекте қажет тауарларға бағалардың алыпсатарлықпен өсуіне және тұрғындар үшін коммуналдық қызметтер тарифінің негізсіз өсуіне тосқауыл қою;
экономиканы әртараптандыруға, оның ішінде шағын бизнесті дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
инфрақұрылымды, оның ішінде коммуналдық инфра¬құры¬лымды жаңғырту және дамыту;
халықаралық қаржы ұйымдары арқылы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде өңірді дамытуға инвестиция тарту айқындалды.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Облыстағы кәсіпорындарда қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу мақсатында, 2015 жылға қызметкерлердің еңбек шарттары мен құқықтарын сақтау жөніндегі жұмыс берушілермен жасалған меморандумдардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.
Жұмыс орындарын сақтау бойынша жұмыс берушілермен өзара әрекет етуде Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының және Қызылорда облысының кәсіподақ орталығының ролін көтеруге ықпал жасау.
Жыл бойы экономика салаларында кем дегенде 9,0 мың тұрақты жұмыс орындарын құру.
Кәсіпорындардың қаржылық жағдайының төмендеуі салдарынан қызметкерлер жұмыстан босатылған жағдайда, оларды өңірдің басқа кәсіпорындарына жұмысқа орналастыру бойынша мақсатты жұмыстар ұйымдастыру.
«Жұмыспен қамту – 2020» Жол картасы шеңберінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесіне бағыттау тәжірибесін жалғастыру.
Қызылорда облысының кәсіподақ орталығымен бірлесіп облыс кәсіпорындарында ұжымдық келісім-шарттардың орындалуы¬на мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету.
Облыс прокуратурасымен бірлесіп, еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілеріне, әсіресе, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақының уақытылы төленбеуіне тездетіп әрекет ету.
Еңбекті қорғауды жақсарту және қауіпсіздікті арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау.
Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үш жақты комиссияның отырыстарын айына 1 реттен кем емес, Дағдарысқа қарсы штаб отырысын айына 2 реттен кем емес өткізу.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық аудандар мен Қызылорда қаласында отбасы құрамында еңбекке жарамды адамы бар, жұмыспен қамтуға көмек көрсету шараларына міндетті түрде қатысу шартымен, аз қамтылған отбасыларына ақшалай көмек беру жүйесін енгізу.
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына атаулы әлеуметтік көмек;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, соғыс кезінде қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің жесірлеріне, сондай-ақ, тылда кемінде алты ай жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыру.
«2016-2017 жылдарға арналған Қызылорда облысында мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту және құқығын қамтамасыз ету бойынша Жол картасының» жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, әсіресе жеке сауықтыру бағдарламаларын 100 пайызға орындау.
Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген жалпы жұмыс орындарының 3 пайызы шеңберінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотаның сақталуы және кедергісіз орта құру туралы жұмыс берушілермен тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың «Әртүрлі-Бірдей» атты 2-ші фестивалін өткізу.
БАҒАЛАР ЖӘНЕ ТАРИФТЕР
Бірінші кезекте қажет тауарларға бағалардың алыпсатарлықпен өсуіне жол берілмеуіне бақылау орнату механизмі бойынша Үкіметке ұсыныстар енгізу.
Негізгі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында:
негізгі азық-түлік өнімдерінің қажетті қорын қамтамасыз ету, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыруды және олардың әлеуметтік дүкендер арқылы сатылуын жалғастыру;
әлеуметтік маңызды тауарлардың, жанар-жағармайлардың бағасына күнделікті мониторинг жүргізу және алыпсатарлықпен бағаның өсуіне заңдылықпен көзделген барлық шараларды пайдалана отырып жедел әрекет ету.
Коммуналдық қызметтерге тарифтер өскен жағдайда халықтың, ал 2016 жылы – кәсіпкерлік субъектілерінің де мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, осы категориялар үшін қызмет беруші кәсіпорындар бағаны едәуір өсіруіне жол бермеу.
ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ
Өңір экономикасының құрылымдық өзгерістеріне бағытталған маңызды міндет – өндірістік секторды және қызмет көрсету саласын дамыту.
Кен өндіріп жатқан мұнай кен орындарының сулануын ескере отырып:
жаңа блогтардың көмірсутекті шикізатын барлау бойынша жұмыстарды бастау;
Қармақшы ауданы аумағындағы Сырдария бассейнінде №1 «Ақбұлақ» тірек-параметрлік ұңғымасын 3,5 шақырымға дейін бұрғылауды жалғастыру.
«Байжарқын алаңында алтын, мыс кендерін;
«Құрымсақ» кен орнында ванадий кенін анықтау бойынша геологиялық барлау жұмыстарын бастау.
«Сырдария» алаңында темірдің кенін анықтау бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен келісім-шартқа қол қою мәселесін пысықтау.
Орташа республикалық қарқынмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібінің озық өсімін сақтау. Осы орайда тау-кен- металлургиялық өндірістерді құру бойынша жұмыстарды жалғастыру. Атап айтқанда:
«Қызылорда қаласында ферроқорытпа зауытының құрылысын салу» жобасын жүзеге асыру;
«Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» акционерлік қоғамымен бірлесіп «Шалқия» кенішінде тау-кен байыту комбинатының құрылысын салудың жобалық құжаттарын бекіту мәселесін пысықтау және қорғасын кек және металдық мырышты алу арқылы коллективті Pb-Zn концентрантын өңдеудің гидрометаллургиялық әдісін ендіру.
Шиелі ауданындағы «Баласауысқандық» кенішін игеруге және Қызылорда облысында тау-кен металлургиялық кешенін дамыту жөніндегі Жол картасында қаралған басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға ықпал жасау.
Жүзеге асырылған барлық индустриалдық жобалардың жобалық қуаттылыққа шығуы бойынша шаралар қабылдау.
Шыны зауытының құрылысын салуды;
Қызылорда қаласында машина жасау зауытын құру үшін инвестор іздеуді жалғастыру.
Шыныдағы су өндірісі, силикат кірпіші, асфальт-бетон және цемент өндіретін зауыттардың құрылыстарын;
кальцийленген сода өндіру бойынша жобаның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуді бастау.
Сырдария және Жаңақорған аудандарында индустриялық аймақтар құру;
Қармақшы ауданының Төретам кентінде индустриялық-туристтік аймақ құру;
Қармақшы ауданы Жосалы кентінде қуаттылығы жылына 100 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт құрылысын салу мәселелерін пысықтау.
Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Шиелі аудандарының индустриялық аймақтарындағы жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету.
Арал ауданындағы «Қамыстыбас демалыс аймағы», Қорқыт ата мемориалдық кешенінің маңайындағы «Этноауыл» жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды анықтау.
Жаңа өндірістер құруға инвесторлар тарту мақсатында VII және VIII «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумдарын өткізу.
Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында:
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша;
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі бойында сервистік инфрақұрылым кешендерінің құрылыстарына инвестиция тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру.
2015 жылмен салыстырғанда шағын және, ең алдымен микробизнесті қолдауға бағытталған кішігірім несиелендіру қаражаттарын 3 есеге ұлғайту бойынша шаралар қабылдау.
Шағын бизнесті дамытуды – басымды міндет етіп айқындау. Осыорайда:
«Жұмыспен қамту - 2020 Жол картасы» шеңберінде және «Қызылорда» Аймақтық инвестициялық орталығы» жауап¬кершілігі шектеулі серіктестігі арқылы шағын несиелеу тәжірибесін жалғастыру;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп«Микробизнес-Қызылорда» пилоттық жобасын жүзеге асыруды бастау.
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін несие ресурстары көлемін ұлғайту мақсатында ««Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» ақционерлік қоғамы мен екінші деңгейлі банктерден қаражаттар тарту.
Ауыл шаруашылығында негізгі басымдықтар болып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу көлемін ұлғайту бойынша жобаларды жүзеге асыру арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуды, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу болып айқындалды.
Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне аяқ су жеткізіп беру қызметтерін, тыңайтқыштар мен гербицидтер құнын арзандату, асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды, сондай-ақ, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыруды субсидиялауды жалғастыру.
Инвестициялық шығындардың орнын толтыру, оның ішінде техникаларды жаңарту және күрделі құрылысты субсидиялау тәжірибесін енгізу.
Майда тауарлы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру және сервистік-дайындау орталық¬тарын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды бастау.
«Ы.Жақаев атындағы Қазақтың күріш ғылыми-зерттеу институтымен» күріштің бәсекеге қабілетті жаңа сорттарын шығарудың селекциялық және заманауи тәжірибелер технологиясын ендіру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерін жоғары өнімді тұқымдармен қамтамасыз ету және сортты жаңарту мақсатында жоғары өнімді күріш тұқымдарының партиясын сатып алу.
Жалағаш элеваторын жаңғыртуды жалғастыру.
Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу жұмыстарын жалғастыру.
Егісті әртараптандыру мақсатында өндірістік негізде өсірілетін жем-шөп, майлы, бақша дақылдарының, көкөніс және картоптың егіс көлемін арттыру.
Сырдария ауданында 3000 бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңының;
Арал ауданы Қарашалаң ауылында балық сервистік-дайындау орталығының құрылыстарын аяқтау.
Қызылорда қаласында «Иіркөл» тоған шаруашылығын дамытуды жалғастыру.
Жаңақорған және Қармақшы аудандарында жалпы қуаттылығы 50 мың уақ мал бордақылау базаларын құру бойынша жобаларды жүзеге асыруды бастау.
Жаңақорған ауданында тамшылатып суғару тәсілін қолдана отырып, томат өсіруді ұйымдастыру.
Жалағаш ауданында 300 гектар аумақта тамшылатып суғару тәсілін қолдана отырып, картоп өсіру жобасын жүзеге асыру.
Құс етін және мия тамырын өңдеу зауыты жобаларын жүзеге асыруды;
Жаңақорған ауданында қуаттылығы жылына 7 мың тонна болатын қозы етінің ет комбинаты құрылысын бастау.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «ҚазАгро» акционерлік қоғамы қаржы институттарымен «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Арал ауданындағы «Аральская» 110/35/10 қосалқы стансасын қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды аяқтау.
Қазалы ауданындағы «Ново-Казалинск» 110/35/10 қосалқы стансасын қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды аяқтау.
«Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында электрмен қамтамасыз ету желісінің құрылысын салу» жобасы бойынша жұмыстарды аяқтау.
Қызылорда қаласында өз бетімен жүргізілген электр желілерін жою бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Қуаттылығы 450 МВт бу-газдық электростансасының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру мәселесін пысықтау.
ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласының 7 жобасы бойынша кварталаралық және магистральдық жылу желілерін қайта жаңғыртуды жүргізу.
СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында:
«Қазалы ауданы «Байқожа» жергілікті су құбырының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту. Әйтеке би кентінің дюкерден №6 СС-на дейінгі сутартқыш»;
«Арал ауданы Сексеуіл кентінің сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту»;
«Қармақшы ауданы Жосалы кентінің II көтергіш сорап стансасын және су құбыры желілерін қайта жаңғырту»;
«Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту және кеңейту» жобаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Ислам даму банкісімен «Жиделі», «Талап-Сырдария» топтық су құбырларының құрылыстары бойынша мәселені пысықтау.
ГАЗДАНДЫРУ
«ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен бірлесіп Тереңөзек, Жалағаш, Жосалы аудан орталықтарын газдандыруға қарыз қаражат тарту және Қызылорда қаласында жұмыстарды аяқтау мәселесін пысықтау.
«Қараөзек-Астана» газ құбырының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру мәселесін пысықтау.
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
Халықты қолжетімді тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстандық Ипотекалық Компания», «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры»акционерлік қоғамы желілері бойынша Қызылорда қаласында тұрғын үйлердің құрылыстарын салуды жалғастыру. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тұрғызылатын, 123,7 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын салуды қамтамасыз ету.
КӨЛІК
Қызылорда қаласының сол жақ жағалауы бөлігін игеру арқылы облыс орталығының аумағын кеңейту мақсатында:
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы бөлігінде көше-белгілері желілерінің құрылысын салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу;
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысын жалғастыру.
Сұлтан Бейбарыс көшесінен Қызылорда қаласында салынып жатқан көпірге дейінгі айналма жол салу.
«Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту» жобасын жүзеге асыруды бастауды пысықтау.
Шиелі ауданында ұзындығы 28,5 шақырым болатын облыстық маңыздағы «Ботабай елді мекеніне кіреберіс» жолын күрделі жөндеуден өткізуді бастау.
Сырдария ауданында ұзындығы 11 шақырым болатын облыстық маңыздағы «Қызылорда-Аэропорт-Айдарлы» жолын орташа жөндеуден өткізу.
Сырдария ауданындағы облыстық маңыздағы «Самара-Шымкент-Тереңөзек» жолының 9 шақырымындағы көпірді күрделі жөңдеуден өткізу.
Жаңақорған ауданында ұзындығы 13,4 шақырым болатын облыстық маңыздағы «Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» жолын күрделі жөндеуден өткізуді бастау.
Қазалы ауданында ұзындығы 22 шақырым болатын аудандық маңыздағы «Бозкөл-Тасарық» және ұзындығы 11 шақырым болатын «Қожабақы-Аранды» автожолдарын қайта жаңғыртуды аяқтау.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНАН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ШЕҢБЕРІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ
Мемлекеттік – жекеменшік әріптестік шеңберінде республикалық «Мемлекеттік – жекеменшік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп:
Қызылорда қаласы әуежайына жаңа халықаралық терминалының құрылысын салу;
Қызылорда қаласында ауысымы 500 келушіге арналған емхана құрылысын салу;
Қызылорда қаласында 600 орынға арналған кәсіби-техникалық лицейдің құрылысын салу;
апаттық жағдайдағы мектептің орнына жаңа мектептер салу;
Сырдария ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыруға инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізу.
Еуропа Қайта Құру және Даму банкісімен қарым-қатынас шеңберінде:
Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы және Қызылорда қаласының шет аймағындағы электр желілерін жаңғырту бойынша;
Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша;
Қызылорда қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту бойынша жобаларды жүзеге асыруды жалғастыру.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша зауыттың құрылысын салу;
«Қызылордажылуэлектрорталығы» нысанын қайта жаңғырту және кеңейту және Әйтеке би кентіндегі қуаттылығы 35 МВт газтурбиналық жылу-электр станциясының құрылысын салу;
Қызылорда қаласындағы көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңғырту бойынша жобалардың жүзеге асырылуын бастау мәселесін пысықтау.
Ислам даму банкісімен Жалағаш ауданындағы жер суландыратын жүйелерді қалпына келтіру жобасы бойынша;
Азия даму банкісімен Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Дүниежүзілік банкімен және орталық мемлекеттік органдармен«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруды бастау бойынша жұмыстарды белсендендіру.
Инвесторлармен жұмыстарды жандандыру мақсатында, жергілікті маңыздағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту бойынша Кеңес құру.
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ
Қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып, облыстық бюджеттік комиссиясының арнайы шешімімен қабылдануы мүмкін кейбір жағдайларды ескермегенде, жаңа құрылыстарға мораторий жариялау.
Басталған әлеуметтік нысандардың құрылыстарын жалғастыруға қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Респуб¬ликасы Ұлттық Банкінің бірлескен Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары шеңберінде қосымша қаржы тарту мәселесін пысықтау.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында тәртіп бұзушылықтыңалдын алу мақсатында мемлекеттік сатып алудағы мониторинг Жүйесін және тәртіп бұзушылық Тізілімін кеңінен пайдалану.
Мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен құрылған, тауарлар өндіретін немесе сататын, қызмет көрсету жұмыстарын атқаратын мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерін қолдау үшін мемлекеттік сатып алу заңдылықтарын сақтаудың мониторингісін қамтамасыз ету.
Бюджет қаражаттарын тиімді жұмсауға бақылауды күшейту.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында ауылдық округтердің бақылау есебіне тиісті салықтар мен төлемдер түрлерінің түсуіне бақылау орнатуды қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлерді қолдаудың шараларымен қатар, Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықпен және салық органдарымен бірлесіп, жұмыс берушілермен әрбір жұмыскер¬ге міндетті зейнетақы жарнасының аударылуына мониторинг жүргізу.
Қолданыстағы заңдылыққа енгізілген өзгерістерді ескере отырып, облыс халқының мүлкін және капиталын заңдастыру бойынша жұмыстарды белсендендіру.
2014 жылдың 31 наурызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» №28 қаулысына сәйкес, жекешелендіруге жататын нысандардың тізбесіне қарай коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіруді қамтамасыз ету.
Екінші деңгейлі банктердің айырбас пункттеріндегі ұлттық валютаның курсы мен қолда бар ақшасына тұрақты мониторинг жүргізу.
АЙМАҚТЫҚ ДАМУ
Аймақтық дамудың басымдықтары – облыс орталығы –Қызылорда қаласы және Байқоңыр қаласы, сондай-ақ, тіректі елді мекендер болып қала береді.
Сонымен қатар, Қармақшы және Жалағаш аудандарының әлсіз салық салу базаларын есепке ала отырып, бұл аудандардың экономикасын дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдау жос¬парлануда. Осы мақсатта, Қармақшы және Жалағаш аудандарын дамытудың Жол карталары жүзеге асырылатын болады.
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ
Заңдылықтармен қарастырылған барлық әлеуметтік төлем¬дердің уақытылы және толық көлемде төленуін қамтамасыз ету.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес:
Азаматтық қызметкерлердің айлық жалақысын 7 пайыздан 40 пайызға дейін, оның ішінде білім саласының қызметкерлеріне – 15 пайыздан 29 пайызға дейін, денсаулық сақтау – 7 пайыздан 28 пайызға дейін, әлеуметтік қорғау және басқа салаларда – 28 пайыздан 40 пайызға дейін көтеру;
«Б» корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің айлық жалақысын 30 пайызға көтеру;
мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы, шәкіртақы көлемін 25 пайызға көтеру;
ортақ зейнетақыны инфляция деңгейінен 2 пайызға оза отырып индекстеуді қамтамасыз ету.
БІЛІМ
Білім саласындағы маңызды басымдықтар – апаттық мектептер мәселесін шешу, 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамту және еңбек нарығындағы қажеттілікке бағытталған сапалы жаңа деңгейдегімамандарды дайындау болып айқындалды.
Осыған байланысты, 300 орындық Шиелі ауданы Тәжібаев елді мекеніндегі және Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі, 100 орындық Арал ауданы Жіңішкеқұм елді мекеніндегі және Жаңақорған ауданы Талап елді мекеніндегі мектептердің құрылыстарын салуды аяқтау.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Арал ауданының Ерімбет, Көктем,Үкілісай, Аққұлақ, Құланды, Қазалы ауданының Лақалы, Майдакөл, Бірлік, Шәкен, Шилі, Қармақшы ауданының Қуаңдария елді мекендерінде апаттық мектептің орнына 11 жаңа мектептің құрылысын бастау.
Жаңақорған ауданының Төменарық елді мекеніндегі, Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі және Арал ауданының Арал қаласындағы апатты жағдайдағы мектептердің орнына мектептер құрылысын салудың жобалық құжаттамаларын әзірлеу.
Қазалы ауданының Жалаңтөс батыр елді мекеніндегі 90 орындық және Қызылорда қаласындағы 280 орындық балабақшалардың құрылыстарын аяқтау.
Балабақшаларда 3 жасқа дейінгі балалар үшін орын тапшылығын қысқарту бойынша жұмыстар бастау.
Жұмыс жасап тұрған балабақшаларда, оның ішінде жеке балабақшаларда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мамандандырылған топтарды ашу бойынша қосымша шаралар қабылдау.
Қазақстан және Ресейдің алдыңғы қатарлы университеттерінде облыстың орта мектеп бітірушілерін оқытуды жалғастыру.
Қызылорда қаласы және аудандарда балалар үшін жыл бойына созылатын оқыту-сауықтыру лагерьлерін (базалар) ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Білім мен бизнесті ықпалдастыруды одан әрі тереңдету мақсатында колледждердегі білім беру қызметінде корпоративтік басқару жобасын енгізуді жалғастыру.
Колледждерде дуалды технологиялық оқыту элементтерін енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Жоғары кәсіби техникалық кадрлар дайындау бойынша заманауи орталықтар құру жөніндегі мәселені пысықтау.
Техникалық және кәсіби білім беретін 2 білім мекемесінинституционалдық тіркеуден өтуін қамтамасыз ету.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ана өлімін, әлеуметтік-маңызды ауруларды және қатерлі ісік ауруларын азайту, өңірдің тұрғындарына медициналық көмектің, оның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасын көтеру негізгі басымдықтары болып қала береді.
Осы орайда, ана өлімін 4 пайызға, сәби өлімін 3,4 пайызға төмендету бойынша шаралар қабылдау.
Ол үшін:
барлық орталық аудандық ауруханаларды эхо-кардиографтармен және кардиостандарттар бойынша холтер-мониторлармен, тредмил-тесттермен жабдықтау;
нәрестенің іштегі дамуындағы кемістігін ерте бастан анықтау, нәрестенің кемістікпен туылуын болдырмау, нәрестенің өлім-жітімін және мүгедектігін азайту жұмыстарын жетілдіру мақсатында облыстық перинаталдық орталық базасында генетикалық орталықты жарақтандыру арқылы инвазивтік тексеру тәжірибесін бастау;
облыстық перинаталдық орталық базасында туылғаннан кейінгі сауықтыру бөлімшесін ашу бойынша жұмыстар жүргізу;
онкологиялық ауруларды алдын ала анықтау және өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізу мақсатында облыстық онкологиялық орталықты медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыру;
онкопатологиясымен қиналып жүрген ауруларға полиативтік көмек көрсету мақсатында облыстық онкологиялық орталықтан хоспис ашу;
«А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орта¬лығы» акционерлік қоғамымен ынтымақтастықты жалғастыру және «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақтың ұлттық медициналық университетінің» Қызылорда филиалын дамыту;
біліктілігін арттыруға кем дегенде 350 дәрігер және 565 орта буын медициналық қызметкерлерін жіберу;
міндетті медициналық қамсыздандыруға өту бойынша шаралар қабылдау көзделуде.
Қызылорда қаласында 200 төсектік көпсалалы балалар ауруханасының;
Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі 250 келушіге арналған аудандық емхананың құрылысын;
Жаңақорған ауданы Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысын;
Сырдария ауданы Амангелді ауылындағы ауылдық аурухананы күрделі жөндеуді;
«Арал ауданы Арал қаласында 150 төсектік аудандық орталық аурухананың құрылысы» жобасының жобалық құжаттамаларын әзірлеуді аяқтау.
СПОРТ
Спорт саласында басымдық ретінде – өңірдің барлық елді мекендерінде бұқаралық дене шынықтыруға теңдей қол жетім¬ділікті қамтамасыз етуді айқындау.
Осы мақсатта халықты дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысумен қамтуды 26 пайызға дейін жеткізу.
2016 жылдың ХХХІ жаздық Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған Қызылорда облысы спортшыларының сапалы дайындығын қамтамасыз ету.
Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңын қайта жаңғыртуды аяқтау.
МӘДЕНИЕТ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күрішші Ы.Жақаевтың 125 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру.
Композитор К.Дүйсекеевтің «Туған жер» әнін орын¬даушылардың республикалық сайысын ұйымдастыру.
Тарихи - мәдени мұраны сақтау және зерттеу мақсатында облыстың мәдени мұраларын ЮНЕСКО Дүниежүзілік Мұралар тізіміне енгізу, сонымен қатар, Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат қалашықтарына археологиялық зерттеулер бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Түрік әлемінің тарихи-мәдени ескерткіші ретінде және Қорқыт мұрасын елге әйгілеу тұрғысынан «Қорқыт ата» кешенін дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Жаңақорған ауданы Талап стансасындағы 150 орындық ауыл клубының құрылысын аяқтау.
Қызылорда қаласындағы Мұрағаттар ғимаратының құрылысын салуды жалғастыру.
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ
Негізгі міндет – конфессияаралық диалогты дамыту, өңірде азаматтық дүниені және ұлтаралық келісімді сақтау, азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың өзара қарым-қатынасын нығайту арқылы өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Ол үшін:
«Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын» жүзеге асыру бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясын «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасына қатысуы үшін барынша ықпал ету;
«2016-2017 жылдарға арналған Қызылорда облысында жастар саясатын дамыту бойынша Жол картасын» іске асыруды жалғастыру;
үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар беру арқылыазаматтық секторды қолдау бойынша шаралар қабылдау;
тілдердің үш тұғырлығын насихаттау жұмыстарын жалғастыру.
Халықтардың алдында есеп беретін мемлекет құру мақсатында, қоғамдық-маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның көзқарасын білдіруі үшін жағдай жасау, жергілікті деңгейде автономды және жеке Қоғамдық кеңестер құруға ықпал ету.
Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында:
жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті бірлестіктерге бағынышты жергілікті полиция қызметін құру, жергілікті (муниципалды) полиция қызметінің қоғаммен тығыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
жасөспірімдер қылмыстылығының алдын алу және сақтандыру бойынша кешенді шараларды іске асыру;
қоғамдық тәртіп бұзушылықтың кез келген түрлеріне «шыдамаушылықты» кеңінен насихаттау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша жұмыстар шеңберінде:
2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» №410-V ҚРЗ Заңында қарастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді мемлекетік қызметкерлердің орындауын қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметкерлердің кірістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік органдар басшылары өздерінің кірістерін жариялау тәжірибесін жалғастыру.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» №416-V ҚРЗ жаңа Заңын жүзеге асыру шеңберінде:
2016-2017 жылдарға арналған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлерінің имиджін көтеру бойынша Іс-шаралар жоспарын бекіту;
мемлекеттік қызметкерлердің, оның ішінде ауылдық округтер әкімдерінің аппарат қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын олардың қыз¬метінің нәтижесіне қарай беруге кезең-кезеңімен өту бойынша шаралар қабылдау.
Облыс халқына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша интерактивті жобаларды өзектендіру;
«Электронды Үкімет» порталы («Е-лицензиялау» және «Электронды әкімдік») арқылы көрсетілетін электронды қызметтердің үлесін 10 пайызға дейін, Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметтерін 72 пайызға дейін ұлғайту;
тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 69 пайызға дейін көтеру;
Ситуациялық орталықтың ақпараттық-талдамалық жүйесінің талдамалық кіші жүйесін кеңейту жұмыстарын жүргізу.