СЫРДАРИЯНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДА 30-ДАН АСТАМ НЫСАН БОЙ КӨТЕРЕДІ
Қызылордада Сырдарияның сол жағалауына 30-дан астам әлеуметтік инфрақұрылым нысанын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қызылорда облысының әкімдігінен мәлімдегендей, аумағы 1532 гектарды құрайтын сол жағалау ауданында 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді, оның 1 миллионы 2025 жылға дейін салынбақ. Демалыс аймақтарына 367 га бөлінеді, бұл барлық аумақтың 23 пайызын құрамақ. 190 гектары – сауда және кеңсе ғимараттарына, 270 га әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына беріледі. Жобада барлығы 16 жаңа мектеп, 12 балабақша, 4 денсаулық сақтау мекемесі, сондай-ақ бірнеше спорт және мәдениет нысандары жоспарланған.
Облыстық сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасының ақпаратынша, 2013-2014 жылдары Қызылорданы кеңейту мақсатында Сырдарияның сол жағалауын толық жоспарлау жобасы әзірленген болатын. Былтыр Мұратбаев көшесінде шаһардың ескі бөлігін жаңа ауданмен байланыстыратын көпірдің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады деп күтілуде.