ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ 2020 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ЕУРОКОДТАРҒА КӨШЕДІ
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында Үкімет кеңес уақыты кезеңінен қолданылып келетін ескірген құрылыс нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу жұмысын жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабарлады, - деп жазады ortcom.kz.
«Еурокодтар жобалаудың жалпы ережелерін, есептеулерін, құрылыстардың да, жекелеген бөлшектерінің параметрлерін анықтаудың ортақ ережелерін белгілейді. Құрылыс саласының нормативтік базасын реформалаудың қабылданған Тұжырымдамасына сәйкес жаңа нормативтік базаға толықтай көшу 2020 жылға қарай жоспарланып отыр», - деп хабарлады спикер.
Жаңа ережелерді қабылдау Қазақстанның құрылыс саласына техникалық реттеудің еуропалық және әлемдік жүйесімен бірігуіне, шетелдік инвестицияларды осы салаға тарту үшін тоқсауылдарды жоюға, инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге еурокодтарды енгізу құрылыс қызметтері нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондай-ақ отандық өндірушілер еуропалық стандарттар бойынша құрылыс өнімдерін шығаруды жөнге келтіре алады, бұл Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жағдайында әсіресе өзекті болып табылады.