НАҒЫЗ ПАТРИОТ БОЛСАҢ, ХАЛҚЫҢНЫҢ КЕМШІЛІГІН ДЕ АЙТА ЖҮР - ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
Қазақстан телеарналарына берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлы Абайды мысалға ала отырып, патриот болу - еліңді мақтау ғана емес, оның кемшілігін көріп, оны түзетуге талпыну екенін атап өтті.
"Өз халқыңды шынымен жақсы көрсең, халқыңның нағыз патриоты болсаң, онда халқыңның кемшілігінде айта жүру керек. Ұлы Абайдың айтып кеткендерін білеміз ғой. Арамызда "Абай қазақтың жаман жерін айтқан" деп сынайтындар да табылады. Пушкин де, Некрасов да,Толстой да өз халқының мінін айтқан жазушылар. Шынымен де халқын жақсы көретін адам ұлттың жаман жағын айтып, соны жақсартуға жұмыс істеуі керек", - деп атап өтті Елбасы.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы бұл сұхбатында Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатына қатысты салмақты ойларын білдіріп, əрбір сұрақтың жауабын алыстан тарқата, əңгімелеп берді. Сұхбатты Ерлан Игісінов пен Бейсен Құранбек жүргізді.