2016 ЖЫЛЫ АСТАНАДА COCA-COLA ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ
2016 жылы Астанада Coca-Cola зауыты салынады. Бұл туралы бүгін «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы Бөрісби Жанғоразов мәлім етті.
Оның айтуынша, Қазақстандағы инвесторлар 2016 жылы өңдеуші салада 104 млн. долларға қосымша 8 жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда. Соның ішіне Астанада Coca-Cola зауытының құрылысы да еніп отыр.
«Үлкен экономикалық қиындықтарға қарамастан, біз Қазақстанға ақша құйған инвесторлардың елден кетпеуіне, керісінше, олардың қайта инвестиция салуларына ықпал жасап келеміз, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Компания басшысының мәліметтері бойынша, 2015 жылы бұрыннан жұмыс жасап жүрген шетел инвесторлары 43 миллион долларға 5 жобаны жүзеге асырған. Жаңадан 260 жұмыс орны ашылды. Олар: BTM Group (Түркия), LG Electronics (Оңтүстік Корея), Galaksi Group (Түркия), Lotte Group (Оңтүстік Корея), Danone (Франция).
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта елімізде өңдеуші салада шамамен 140 шетел инвесторы бар.
«2016 жылы шетел инвесторлары 104 миллион долларға 8 жобаны жүзеге асырмақ. Онда шамамен 360 жұмыс орны ашылады деп күтілуде», - деп атап өтті Б.Жанғоразов.
«ҚазАқпарат»