ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын алып жоба «Өнімділік-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. Кәсіпорын бүгін Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпірде іске қосылды.
Тек биылдың өзінде аймақта индустриалды-инновациялық 4 жоба сәтті жүзеге асты. Үй құрылысы комбинаты германиялық технология бойынша жұмыс істейді. Құрылғылардың барлығы автоматтандырылған.
Қызылорда облысында салынатын көпқабатты үйлердің қабырғасы мен жабындысы секілді түрлі бетон бұйымдары осы жерден шығарылады.
- Біз үшін бүгін қуанышты күн. Елбасының алдында біздің кәсіпорын іске қосылды. Бұл жерде ауысымына 60 адам жұмыс істейтін болады. Кәсіпорында өнімнің 9 түрі шығарылады. Бетон бұйымдары қазіргі салып жатқан қыш жобалардан 20-25 % арзан болады. Себебі құм да, цемент те, тас та бәрі өзімізден шығады, - дейді кәсіпорынның бас директоры Мұратбек Жаханов.
Өндіріс орны жылына 35 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызуға қауқарлы. Қазір комбинатта 70 адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, мұнда керамикалық кірпіш те өндірілетін болады.
Жалпы облыста құны 142 миллиард теңгеден асатын 37 индустриалды-инновациялық жоба қолға алынған.