ЖАРИЯ ЕТІЛГЕН МҮЛІК ҚҰНЫ БОЙЫНША ОБЛЫС 7-ШІ ОРЫНДА
«Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында бүгін облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев басқарманың 2015 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша брифинг өткізді.
- 2015 жылы іске қосылған нысандарды теңгерімге қабылдау жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Жыл басына мұндай нысандар саны 103 құраса, бүгінгі күнге олардың 78-і теңгерімге қабылданды. Қалған 25 нысанды теңгерімге қабылдау жұмыстары жалғасуда, жыл соңына дейін олардың 6-н аяқтауды жоспарласақ, 2016 жылдың қаңтар айында тағы 9 нысанды теңгерімге қабылдау көзделіп отыр, - деді Т.Жақыпбаев.
Айта кету керек, үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанына облыс бойынша мүлікті жария ету бойынша түскен өтініштер саны – 1137 құрады. Қызылорда облысы бойынша жалпы түскен өтінімдер құрамында жария етілген өтініштер үлесі 83 пайызды, яғни жоғары көрсеткішті көрсетіп отырғанын айта кеткен жөн. Ал жария етілген мүлік құны бойынша облыс 7-ші орында.
Шынар БЕКБАН