ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТҰРАҚТЫ
Әлемдік экономикада орын алып жатқан келеңсіз жағдайларға қарамастан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы сақталып, қоғамдық ахуал тұрақты. Бюджеттен қаралған әлеуметтік төлемдер бойынша барлық міндеттемелер уақытылы орындалуда. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова хабарлады.
- Өңір дамуында оң тенденция сақталуда. Солардың ең маңыздысы – жұмыс орындарын және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып табылады. Қазіргі кезде экономика салаларында 10727 жұмыс орны құрылды, оның 8547 тұрақты жұмыс орны, - деді С.Құлымбетова. – Сондай-ақ, бағаны қадағалау мәселесі де ерекше бақылауға алынған. Қазіргі уақытта біздегі бағалардың өсуі республика бойынша орта көрсеткіштен сәл жоғары. Мәселен, облысымызда 14 пайыз болса, республика бойынша 12,3 пайыз. Бұл, негізінен азық-түлік емес тауарлар бағасы мен коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуімен байланысты.
Шынар БЕКБАН