АҚТАУЛЫҚ ӘЛИЯ МЕРГЕНБАЕВА «ҚАЗАҚСТАН АРУЫ-2015» ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Қазақстан Аруы-2015» 19-шы республикалық байқауының жеңімпазы болып, 17 жастағы ақтаулық сұлу Әлия Мергенбаева танылды.
Биыл «Қазақстан Аруы-2015» жеңімпазын қазақстандықтар онлайн және СМС дауыс беру арқылы таңдады. Жеңімпаздың есімін жариялау үшін сахнаға Олимпиада чемпионы, велошабандоз Александр Винокуров шықты. Еске сала кетсек, ақтық кезеңге қазылар алқасының шешімімен 5 ару өткен болатын. Байқауға Қазақстанның әр облысынан 30 үміткер қатысты. Байқауға қатысып отырғандардың ішінде журналист, халықаралық заңгер сынды мамандық иелері бар. Тіпті, мектеп оқушылары да бағын сынай келген.
«Қазақстан Аруы-2015» жеңімпазына 5 миллион теңге сыйлықпен қатар этностильдегі қыз жасауы тарту етілді. Қазақтың дәстүрлі қыз жасауы «Алтын орда» авторлық дизайн үйі шеберлерінің қолымен жасалған. Салтанатты жиынтыққа «Махаббат көрпесі», сандықтар, «Бедерлі өрнектер» шал жастығы, қолдан тігілген жастықтар, сондай-ақ дәстүрлі дастарқан кіреді. Осының барлығын ұлттық дәстүрді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеуді мақсат тұтып отырған этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада жасап отыр.
Қазылар алқасына тағайындалған адамдардың ішінде еліміздің танымал әрі құрметті азаматтары: Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева, «Астана» футбол клубының бас менеджері Қайсар Бекенов, ғарышкер Айдын Айымбетов және актриса Әсел Сағатова болды. Сонымен бірге, қазылар қатарына «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, велошабандоз Александр Винокуров, «Астана Жастары» жастар орталығының басшысы Әнуар Нұрпейісов, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің этно-дизайнері Ырза Тұрсынзада және «Қазақстан Аруы» байқауының президенті Алена Ривлина-Кырбасова кірген еді.