ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕКІ КҮН ДЕМАЛАДЫ
2015 жылы Тәуелсіздік күні мерекесі жұмыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қазақстандықтар сәрсенбі және бейсенбі күндері, яғни 16,17 желтоқсанда демалады.
Биыл қазақ елінің тәуелсіздігіне 24 жыл толады. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстан әлемге танылып, тар жол тайғақ кешу мен зұлмат қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өтіп, жаңа деңгейге қол жеткізді. Алтай мен Атыраудың арасын жайлаған тәуелсіз елді әлем таныды.
Дәл 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” Заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.