ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ҚАР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстан аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы, қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі, жел күшейеді, тек республиканың батысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде бұрқасындатады, көктайғақ. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды, тұман түседі, көктайғақ. Қарағанды облысында жел күшейеді, тұман, бұрқасындатады деп күтілуде. Павлодар облысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, бұрқасын болады, Жамбыл өңірінде кей бөліктерде тұман түседі, жел күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжанған.