2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚАРЖЫ ҚҰЖАТЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында келер жылға арналған қаржы құжаты қабылданып, облыс әкімінің іс-қимыл жоспары бекітілді.
Қызылорда облысының экономикасы мұнайға тәуелді. Жер асты байлығының арзандауы дамуға кері әсер ететіні анық. Күрделі кезеңнен шығатын жолдар осы жиын барысында айтылды.
Алдымен аймақ басшысы «Облыс әкімінің 2015 жылға арналған іс-қимыл жоспарының» орындалуын баяндап берді. Жыл басынан бері 10727 жаңа жұмыс орны ашылса, соның 8547-сі тұрақты. Өндірістік сектордың өсу қарқыны өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары көрсеткіштерге ие. Жоспарға сәйкес индустриялық жобалардың ешқайсысы тоқтаған жоқ. Керісінше, жаңа жобалар қосылды. Бүгінгі таңда өндірістегі өңдеуші саланың үлесі 13 пайызға жетті. 2012 жылы бұл көрсеткіш 4,5 пайыз болған. Яғни, экономиканы әртараптандыруға бағытталған жұмыс оң әсерін беріп жатыр.
- Төмендегі екі мәселені қоспағанда біз өзімізге алған міндеттемелерді толық орындап шықтық. Біріншіден, біз «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолын жаңғыртуды жоспарлаған едік. Алайда, мемлекеттік бюджетте қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты бұл жоба кейінге шегерілді. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, бұл автожол жаңарады. Оған бір-екі жыл уақыт қажет. Екіншіден, тірек елді мекендердегі полиция бекеті құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары қаражат тапшылығына байланысты жағдай оңалғанша кейінге шегерілді, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Ал келер жылға арналған іс-қимыл жоспары ең алдымен жаһандық дағдарыстың өңір экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайына әсерін азайтуға бағытталып отыр. Бұл жоспардың басымдықтары - 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт Жоспарына, Президент Жолдауының басым бағыттарына, сондай-ақ, Елбасының осы жылдың 18 қарашасындағы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде берген тапсырмаларына сәйкес анықталды. Сонымен қатар, мұнайдың әлемдегі баға нарығы да ескерілді. Бастысы шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінетін қаражат азаймайды. Тіпті бұл мақсатқа қосымша қаражат бөлу жағы да қарастыралады.
- Бірақ бөлінген қаражатты орнымен, тиімді пайдалануға бақылауды күшейтуіміз қажет. Жосықсыз несие алушылар тізімі Бірінші кредиттік бюроға жолданады. Егер де кәсіпкерлік мақсатында алған несиені мақсатсыз, мысалы, той жасауға немесе басқаша жұмсаса, ондай адам бұдан былай еш жерден, ешбір банктен несие ала алмайды. Ал, адал несие алушылар алған ақшасын қайтарғаннан кейін, одан да ірі көлемде несие алуға мүмкіндік алады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жиын барысында келер жылға арналған бюджеттің жобасы таныстырылды.
- Келесі жылға арналған облыс бюджетінің жобасы жан-жақты есептеліп, мұқият дайындалды. Экономикалық ахуал күрт төмендемесе, барлық жоспарланған шығыстар қамтамасыз етілуі тиіс. Бюджетте көрініс тапқан басымдықтар – дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарындағы мақсат-міндеттерге сәйкес жасақталды. Айта кету керек, келесі жылға арналған облыс бюджеті өткен жылмен салыстырғанда бар болғаны 7,4 пайызға кем. Күрделі шығыстар 45 пайызға қысқарды. Дағдарыс жағдайындағы бюджет болғандықтан Үкімет жаңа құрылыс салуға мораторий жариялады. Сондықтан біз тек қана мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен халықаралық қаржы ұйымдарының несиелеріне сенім артамыз, - деді облыс Қ.Көшербаев.