ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰНАЙ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРУҒА ШАҚЫРДЫ
Қызылордада ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өндірісін дамыту департаменті басшысының орынбасары Бақыт Маханов және ҚР Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдалану департаменті басшысының орынбасары Сәкен Шәкіровтың қатысуымен жер қойнауын пайдаланушылармен кезекті жиын өтті.
Басқосуда мұнай өндіру деңгейін сақтау және Қызылорда облысында қазақстандық және жергілікті мазмұнды дамыту мәселелері талқыланды. Биылғы жылдың 11 айында мұнай өндіру көрсеткіші 8 млн. 252 мың тоннаны құрады. Былтыр осы көрсеткіш 9 млн. 084 мыңнан астам болатын. Осыған орай, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мұнай компания басшыларына жоспарды орындау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануды тапсырды.
Өңіріміздің тағы бір өзекті мәселесі жергілікті мазмұнды дамыту. Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар басқа өңірлерден мұнай сервистік компанияларды тартады деген мәселені облыс басшылығы бірнеше рет қойған болатын.
– Бір ғана қарапайым мысал келтірейін. Бәріміз үйде де, жұмыста да ауыз суды пайдаланамыз. Көптеген тұтынушылар қалыптасқан әдет бойынша басқа облыстарда өндірілетін суға тапсырыс береді. Бірақ біздің облыста да сапалы ауыз суды өндіретін компаниялар жетерлік. Мәселен, «Ағжан», «Аквалайн», «Шоқ су» және т.б, - деген облыс әкімі өңірлік кәсіпкерлер палатасына 10 күн ішінде жер қойнауын пайдаланушылармен меморандумға қол қойып, тауарлар және қызметтерді сатып алу мәселелері бойынша бақылаушы ретінде кәсіпкерлер палатасының өкілдерін қосуға тапсырма берді.
Қызылордалықтар үшін мұнай газ саласында жұмыс орындарын сақтап қалу да өте маңызды. Өңір басшысы мұнай компанияларына өндірісті әртараптандырып, қысқартылатын жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін жаңа жұмыс орындарын ашуды тапсырды. Одан бөлек, Қызылорда облысына осы өңірде жұмыс істейтін, бірақ басқа аймақтарда салық төлейтін компания кеңселерін көшіру мәселесі жиі айтылады.
- Сіздер үшін қиын кезең басталғанын түсінеміз. Дегенмен, әлеуметтік жауапкершілік таныту қажет. Дағдарыс ұзаққа созылмайды. Көптегенде бір-бір жары жыл болады. Ал біз осы күрделі кезеңнен абыроймен шығуымыз керек. Мұны сіздермен де, сіздерсіз де атқара алмазы. Сондықтан өздеріңіз шешім қабылдаңыздар, - деп аймақ басшысы жиынды қорытындылады.