ЧЕК ТАЛАП ЕТКЕНДЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ
Тұтынушылар арасында салық мәдениетін көтеруді мақсат тұтқан «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы мәресіне жетті. 1 сәуір-30 қараша аралығында өткен жалпыреспубликалық шараның бастамашысы – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаменті жанынан құрылған тұрақты комиссия 8 ай бойы азаматтардың өз құқығын талап ету белсенділігін арттырудың қарқынын таразылады. 1 желтоқсандағы мәліметке сәйкес облыс бойынша сауда нүктелері мен қызмет көрсету орындарында 51 мыңнан астам купон бақылау-касса машиналарының чектеріне айырбасталған. Сәуір айында 1 512 купон жиналса, қарашада чекке айырбасталған купондар саны 7 892-ге жеткен. Әсіресе, Жаңақорған ауданы мен Қызылорда қаласының тұтынушылары жоғары белсенділік танытты.
Акцияның бірінші кезеңі аудандарда өтті. Аудандық басқармалар жанындағы комиссиялар әр ай сайын ұтыс өткізіп, жеңіпмпазды облысқа жолдап отырды. Ал облыстық департаменттің комиссиясы (екінші кезең) осымен сегізінші рет ай сайынғы ұтыс жеңімпазын анықтап отыр.
Міне, олар – әр айдың жеңімпаздары:
Сәуір айында Арал ауданының мектеп оқушысы Кемалов Данияр жеңіп, сыйлыққа теледидар алды.
Мамыр айында жеңіске Қазалы ауданының мектеп оқушысы Нұрбек Ленара жетті, сыйлығы – ноутбук.
Маусым айында Жалағаш кентінің тұрғыны Нұрмаханова Гүлмира жеңімпаз болды, сыйлығы – теледидар.
Шілде айындағы ұтыс ойынының жүлдесі – ұялы телефон Жалағаш ауданының мектеп оқушысы Аманжол Ғабитқа бұйырды.
Тамыз айында Сырдария ауданының тұрғыны Нұрмаханова Жадыра жүлдеге теледидар алды.
Қыркүйек айындағы акцияда Қазалы ауданының тұрғыны Дүзбаева Айгүл жеңіп, шаңсорғышқа ие болған-ды.
Қазан айының ойынында Қармақшы ауданы Төретам кентінің тұрғыны Бақытжанова Күмискүл теледидар ұтып алды.
Арал ауданы, Арал қаласының тұрғыны Қапанов Сержан акцияның нүктесін қойып, соңғы теледидарды қанжығасына байлады.
Акция ережесіне сәйкес, үшінші кезеңге Қызылордадан осы сегіз жеңімпаз да қатысатын болады. Республикалық ұтыс желтоқсан айының соңына дейін өткізілуі тиіс, жеңімпаз купондарды кездейсоқ ойнату жолымен жариялы түрде анықталатын болады.
Бақыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы