ТЕЛЕКӨПІР ӨТТІ
2015 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбында Агенттікпен телекөпір өткізілді.
Шараға Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері А.Өтешов, облыстағы этномәдени, діни және әйелдер бірлестіктері, БАҚ, мәдениет және әдебиет ұйымдары, кәсіподақ, бизнес, ғылым және білім, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарын жұмылдыру тәсілдерін әзірлеу мақсатында Агенттік азаматтық сектор өкілдерімен Ынтымақтастық туралы ашық келісім әзірлеген болатын. Бірегей жобаға қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ниет білдірген кез-келген азаматы қосыла алады.
Ашық келісімге қосылу үрдісі қарапайым. Агенттіктің ресми веб-сайтындағы «Қоғаммен әрекеттесу» бөліміне енгізілген, Ынтымақтастық туралы қол қойылған Актіні Департаментке жолдау жеткілікті.
Қазіргі таңда Ашық келісімге облыстағы 34 азаматтық институттар қосылып, 2016-2017 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарлары әзірленді.
Телекөпірде ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері Алмас Өтешов сөз сөйлеп, өз тарапынан Ашық келісімді толық қолдайтынын айтып өтті: «Қызылорда жастары осындай бастамаларды әрқашан да қолдайды. Халқымызда бір жақсы мәтел бар «бірлесе пішкен тон келте болмайды» деген, осы мәтелге сәйкес Ашық келісімде көрсетілген маңызды шараларды әрі қарай жүзеге асыруда, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда біз әріптесіміз, яғни Департаментпен бірлесе атқаратын жұмыстарымыз өз оң нәтижесін беретініне сенімім мол.
Қазір, әрине, қиын сәттерді бастан өткерудеміз, алайда жұмыла әрекет ете білсек, алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан әр азамат бұл жұмысқа өзінің тамшыдай болса да үлесін қосса, бұл Қазақстанның үлкен бір ортақ жеңісіне айналады. »
Аталған кездесуде Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали қатысушыларды келе жатқан 16 желтоқсан ҚР-нің Тәуелсіздік күнімен құттықтап, іс-шарамен тұспа тұс келген 9 желтоқсан – «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» туралы айтып өтіп, Ашық келісім құжатын қолдап, өз азаматтық ұстанымын көрсете білген азаматтарға алғысын білдірді.
Іс-шара аясында БАҚ өкілдері үшін өткізілген сыбайлас жемқорлық қарсы тақырыбындағы сайыстың марапаттау салтанаты өткізілді. Марапаттау салтанатында «Үздік телевизиялық жұмыс» номинациясында 2-ші орын иеленген «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі Арайлым Байжігітова мараппатталды.
Сондай-ақ кездесу барысында Департаменттің тиісті қызметтерінің қызметкерлері қатысушыларға Елбасы қол қойған ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңдарына түсіндірме берді.
Шара соңында Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали жуырда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленген А.Өтешовты жеңісімен құттықтап, сыйлық табыс етті.