«ДӘРІГЕРЛЕР НАУҚАСПЕН, ОЛАРДЫҢ ТУЫСТАРЫМЕН ДҰРЫС СӨЙЛЕСЕ БІЛМЕЙДІ»
ҚР Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне биыл түскен 99 өтініштің 33 пайызы дәлелін тапты. Бұл туралы «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде департамент басшысы Шәкизада Исағалиева мәлімдеді.
2014 жылы талап-тілектер саны 136-ны құрап, соның 42 пайызының негізді екені анықталды. Департамент басшысы көрсеткіштің төмендеуін денсаулық сақтау саласындағы мәселелер туралы халықтың өтініштерін қабылдайтын Call-орталықтың ашылуымен байланыстырады. Ал арыз-шағымдардың негізсіз болатыны, дәрігерлер науқаспен, олардың туыстарымен дұрыстап сөйлесуге уақыт та, көңіл де бөлмейді. Оның үстіне, емделушілер саны өте көп.
- Орталық әзірге таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Алдағы уақытта тәуліктік кестеге көшеді. Мұнда аймақтағы 43 медициналық ұйыммен байланыс орнатылған. Мәселені тез арада шешу мүмкіндігі жоғары, - дейді Шәкизада Исағалиева.
Биыл 5 медициналық ұйым мемлекеттік аккредитациядан өтті. Оның 3-еуі – бірінші, 2-еуі екінші дәрежелі санатқа ие болды.
- Ал жиі қолданылатын 200 дәрі-дәрмектің бағасын тұрақты түрде ұстауға 90 дәріханалық субъектімен үшжақты меморандум жасалды. Қазірге дейін бағалары сол күйі сақталып тұр, - деді департамент басшысы.
Назерке САНИЯЗОВА