СЕЙСЕНБІДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІ МЕН ШЫҒЫСЫНДА КҮН КҮРКІРЕП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Сейсенбі күні, 9 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседің.
Солтүстікте, солтүстік-батыста кей жерлерде қатқақ түсіп, ауаның температурасы 0-5 градусқа дейін суытады.
Республиканың оңтүстігінде, батысының кей жерлерінде, солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде Сырдария өзенінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының шегінде Шардара су қоймасынан келетін ағынның азаюынан су деңгейі төмендейді. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады. Шығыс Қазақстан облысының көптеген өзендерінде су деңгейінің бірте-бірте төмендеуі күтіледі.