«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН АВТОШЕРУ ӨТТІ
2015 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне» арналған автошеру ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оған қарсы қозғалысқа қоғамды тарту және біріктіру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы автошеруге «Aster –auto» ЖШС-інің Қызылорда қаласындағы өкілдігі, «Allur-auto - Кызылорда», «BestАвто», «КристаллАвто» ЖШС-інің Қызылорда қаласындағы филиалы автосалоны автокөліктермен қолдау көрсетті.
Автошеруге Департамент қызметкерлері, 100-ге жуық Қызылорда қаласының ЖОО-ы және АОО-ның студенттері, «Жастар ресурстық орталығы», «Дарын» продюсерлік орталығы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Автошеру ашылуында Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали қатысуышылар алдында сөз сөйледі. Өз сөзінде ол, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек бүкіл қоғамның қолдауымен ғана тиімді болмақ. Себебі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда үлкен рөлді жұртшылық - біздің еліміздің азаматтары алу тиіс, себебі сыбайлас жемқорлық қоғамдық көрініс және онымен күресте бүкіл қоғам болып күш салу қажет. Сондықтан әр азамат бұл жұмысқа өзінің тамшыдай болса да үлесін қосса, бұл Қазақстанның үлкен бір ортақ жеңісіне айналады.
Автошеру барысында автошеруге қатысушылар «Біз жарқын болашақты таңдаймыз!», «9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» атты ұрандарымен Қызылорда қаласының Орталық алаңынан бастау алып қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп Орталық алаңда аяқтады.
Барлық қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы ақпарат орналасқан тарату материалдарын алды. Қаланың белсенді жастары аталған автошеру бойынша өз оң ой-пікірін білдірді. Бір сөзбен айтқанда автошеру толыққанды алдын алу шарасы болды.