СЭҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРДІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғалардың қатысуымен семинар өтті.
Семинарда «Қазақстан Республикасының Дүние жүзілік сауда ұйымына мүше болуына орай Евроазиялық экономикалық одағынан тыс жерден тауарлар әкелулерге байланысты» және «Сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушылары бойынша шот фактура жазудың міндеттелгені туралы» жаңа талаптар таныстырылды.
Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруіне байланысты Кеден одағынан тыс жерлерден тауар әкелінген жағдайда, қазіргі қолданыстағы Евразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кеден баждарынан төмен ставкалар қолданылған тауарлар бөлек декларацияланады (бөлек ТД), егер де олар Евразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кеден тарифімен белгіленген кеден баждарының ставкалары қолданылатын тауарлармен бір партияда әкелінсе. Осыған орай:
Евразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кеден тарифімен белгіленген кеден баждарының ставкалары қолданылатын тауарлармен бір партияда тауардың жекелеген түрлері әкелінсе, декларант, жекелеген тауарларға Евразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифіндегі ставкаларды қолданған жағдайда, бір ТД-мен декларациялауға құқылы.
БСҰ тарифтік ставкасы бойынша ресімделген тауарлар, Кеден одағының Кеден кодексінің 200 бабына сәйкес, босатылған тауарлар болып танылады. Ол тауарларды ЕАЭО мүше басқа елдерде сатылған жағдайда, БКТ мен БСҰ ставкаларының ара айырмасы төленеді, және осы қосымша төлемнің нәтижесінде пайда болған ҚҚС төленеді.
Осылай шартты босатылған тауарды ҚР тыс аумақта сатқан, пайдаланған жағдайда, бұзушылар ҚР заңдылығына сәйкес жауапкершілікке тартылады.Осы тақырыпты Кедендік ресімдеу басқармасының басшысы Қайырбек Дүрменбаев тарқатып түсіндірді.
Сондай-ақ облыс аумағындағы сыртқы экономикалық қызметпен шұғылданушы кәсіпкерлерге, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру барысында шот-фактуралардың электронды нұсқасын пайдалану тәртібін Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бөлім басшысы Кеңескүл Стамбекова тағы бір мәрте еске салды.
Қазақстанда шот-фактураның электрондық нұсқасын қолдану 2014 жылдың бірінші шілдесінен ерікті түде жүргізу басталған. Осы уақыт аралығында есептесудің заманға сай тәсілін қолданушылардың саны 25 мың адамнан асқан. Ал, тіркелген тұтынушылар бір жылдан астам уақытта 716 мың рет электронды есептесуге жүгінген.
Жалпы электронды шот фактураны міндетті түрде жүргізу 2017 жылдың 1 қаңтарынан басталады, яғни қолдап шот фактура жазу 2017 жылдан бастап тоқтатылады. Ал, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық және кеден заңдылықтарына енгізілген түзетулерге байланысты міндетті түрде электрондық шот фактура жазатын салық төлеушілер категориялары анықталып отыр.
Спикерлер қатысушылардың сұрақтарына байланысты басқа да жағдайлар бойынша түсініктеме берді.