КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ «ТҰРҒЫНҮЙҚҰРЫЛЫСЖИНАҚБАНКІ» ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛЕДІ
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2016 жылы өзіне қарасты 4 компанияны бәсекелестік ортаға бермек. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында аталған холдингтің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
«Олар: Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі, ҚазЭкспортГарант, Қазақстан Инвестициялық қорының активтері мен жобалары, сондай-ақ Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттік. Бастапқы үш актив бойынша біздер бастапқы кезеңде қызмет бейінін сақтап қалатын, маманданымы, қажетті тәжірибесі мен дағдысы бар стратегиялық инвесторлар іздейтін боламыз. Өйткені, бұл ұйымдардың барлығы да мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға немесе мемлекеттік қызметті орындауға тартылған. Бұл ретте аталған активтердің табысты сатылуы үшін біздердің баса назар аударғымыз келетіні, бұл - Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттікті қоса алғанда мемлекеттік тапсырысты сақтау», - деді ол.
Қор басшысының айтуынша, «Тұрғыүйқұрылысжинақбанкі» үшін банк саласында тәжірибесі бар мамандандырылған қаржылық инвесторларды іздеу жоспарланып отыр.
«Егер мұндай инвестор табылмайтын болса, онда біз Үкіметке аталған активті жүзеге асыру бойынша нақты қадамдарды жеке ұсынатын боламыз. Мүмкін ІРО-ға шығарамыз немесе басқа да тетіктер қарастырамыз», - деді Қ.Бишімбаев.