ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРІН ГАЗДАНДЫРУ БОЙЫНША
Қызылорда облысының әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес ағымдағы жылы барлығы 23 млрд. теңгеге 4 аудан орталықтарына (Арал қаласы, Әйтеке би кенті, Шиелі кенті және Жаңақорған кенті) және Байқоңыр қаласына автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысы мен квартал ішілік газ құбырларының құрылысын салу келісілген болатын. Қазіргі таңда, аталған жұмыстар бастау алды. Жоба бойынша жұмыстар толығымен аяқталған сәтте облыс халқының 23% газбен қамтамасыз етілетін болады.