СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА
Жыл өткен сайын Сырдария ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды түрде дамып келеді. Атап айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойынан «В» санаты бойынша Сырдария ауданы шекарасынан өтетін бөлігінде жеке кәсіпкер «Жунусова» және «Ақжарма - 1» шаруа қожалығының сервистік кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Сырдария ауданы әкімі Ғани Қазантаев хабарлады.
- «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша құны 20 млн теңгені құрайтын 5 жоба екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендірілді. Аталмыш бағдарламаның «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» қолдау тетігі бойынша 42 млн теңгеге Н.Ильясов ауылындағы «Мағжан и К» серіктестігінің астық қырманына баратын ұзындығы 2,7 шақырым жол салынды. Ал облыстық «Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нен аудан кәсіпкерлерінің құны 37,6 млн теңгені құрайтын 9 жобасы қаржыландырылды, - деп хабарлады.
Айта кету керек, ауданның ең ірі инвестициялық жобаларының бірі «Шаған Жер» ЖШС-нің жобалық құны – 1,1 млрд теңгені құрайтын қуаттылығы 3000 бас ірі қараны бордақылау алаңының құрылысы. Жоба толық іске қосылғанда 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Шынар БЕКБАН