ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛМАҚ
Қызылорда мектептеріндегі жоғарғы сынып оқушылары үш-төрт жылдан кейін жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқиды. Облыстық білім басқармасының басшысы Бақытжан Сайлыбаев бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде осылай мәлімдеді.
Оның айтуынша, Жол картасы аясында барлық деңгейде үштілді жүйеге және жоғары сынып оқушыларына ағылшын тіліне көшу кестесі әзірленуде. Білім берудің жаңа талаптарына сәйкес ағылшын тілі мектептерде бірінші сыныптан бастап оқытылады. Ал 11 және 12-сыныптарда бүкіл сабақ ағылшынша өтеді деп жоспарлануда.
- Аймағымызда математика және жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын жекелеген мұғалімдер бар. Мысалы, мұндай тәжірибе Назарбаев Зияткерлік мектебінде, қазақ-түрік лицейінде қолданылып келеді. Олардың тәжірибесі барлық білім беру мекемесіне енгізіледі, - деді облыстың бас педагогы.
Назерке САНИЯЗОВА