ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН СУДЬЯЛАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында өткен жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады.
Ант қабылдау рәсіміне Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, облыс орталығында орналасқан соттардың төрағалары мен судьялары, облыстық соттың кеңсе басшысы мен орынбасары қатысты.
ҚР Президентінің 2014 жылғы 29 тамызында № 899 Жарлығымен жаңадан тағайындалған судьялар: Қызылорда қалалық сотына - Зәбира Абылайқызы, Меруерт Тоғызбаева, Арал аудандық сотына - Данияр Мұратбекұлы, Жаңақорған аудандық сотына - Бақытбек Елшібеков, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына - Алуа Байболатова, Сәуле Өтегенова, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына - Қайратбек Біржанов ант қабылдай отырып, азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтарын қорғау жолында бар күш-жігерлерін салып, адал қызмет атқаруға міндет алды.
Өз кезегінде облыстық соттың төрағасы Н.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі