АСТАНАҒА ГАЗ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН
Астанаға газ Қызылорда облысынан келуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, - деп хабарлады «ҚазАқпарат».
«Атап айтқанда, бұдан бұрын Қостанай облысынан Астанаға дейін газ құбырын тарту жобасын әзірлеген болатынбыз, яғни бұл жоба 2013 жылы даярланып, оның құны 212 млрд. теңгені құраған еді. Қазіргі таңда баламалы жоба қарастырылып жатыр. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырынан Қызылорда облысында болашақта «Қараөзек» атты компрессорлық стансасы салынады. Осы орайда «Қараөзек» компрессорлық стансасынан Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Астанаға дейін газ құбырының жобасы бүгінде зерттеліп жатыр», - деді М. Мырзағалиев.
Вице-министр елордаға газ қашан келетінін, жобаның құны қаншаға жететіні және оны қаржыландыру көзі жайында зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін белгілі болатындығын атап өтті.
«Сондықтан осы жоба әзірленіп, зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен соң, осы алаңда мәліметтерді жеткізетін боламыз», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдары солтүстік өңірлерді газдандыру бойынша жұмыстар жоспарланған болатын. Осы орайда «Тобыл-Көкшетау-Астана» солтүстік газ құбырын салу қарастырылған еді.